Төлеу әдістері
Билеттерді өзіне-өзі қызмет көрсету төлем терминалы арқылы сатып алу (ӨТТ)
ӨТТ қолма-қол төлеммен өзіне-өзі қызмет көрсету төлем терминалдарының желісін білдіреді. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату тек толық немесе балалар тарифі бойынша өндіріледі. Халықаралық қатынастағы (жақын және алыс шетелдер) жол жүрісіне балалар жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату өндірілмейді. ӨТТ жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару және қайта рәсімдеу орындалмайды.
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алу үшін тапсырысты пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күннің ішінде рәсімдеу.
Пойыздың жөнелтілетін күні тапсырысты рәсімдеу пойыздың жөнелтілуіне дейін кемінде 30 минут қалғанда жүзеге асырылады.
Жол жүрісін қолма-қол ақша қаражаттарымен төлеу, автоматқа салынған ақша қаражаттары мөлшері мен тұтынушымен енгізілетін мобильді телефон нөміріне немесе осы терминалда ұсынылған басқа қызметке жол жүру құжатының (билетінің) құны арасындағы айырмашылықты (қайтарымды) аудару.
ӨТТ тұтынушыға токен көрсетілген (тапсырыстың 14 таңбалық сәйкестендіргіші) төлем туралы чек береді, тұтынушы алынған токен негізінде билетті билет кассасында немесе ТӨТ арқылы жол жүру құжатының (билетінің) бланкінде рәсімдейді.
Бір тапсырыс бойынша ең көбі 4 жолаушылардың жүрісін төлеуге болады және әрбір жолаушы үшін жеке жол жүру құжатын (билетін) рәсімдеуге болады.
Бір құжат бойынша СВ 2 орынға немесе 2 және 4 купе орындарына бір жол жүру құжатын (билетін) рәсімдеуге болады, онымен қоса осы орындардың әрқайсысында тек жол жүру құжатында (билетінде) деректері көрсетілген бір ғана жолаушы жол жүре алады. Осы орындарда бөтен адамдардың жол жүруіне рұқсат етілмейді.
Жолаушының өзімен бірге 7 жастан аспайтын бір баланы, егер ол жеке орынды қажет етпесе, тегін тасымалдауға құқығы бар.
7 жасқа дейінгі балаға тұтынушы жеке орынды ұсынумен балалар тарифі бойынша жол жүру құжатын (билетін) сатып ала алады.
7 жастан 15 жас аралығындағы балалар үшін және 7 жасқа дейінгі бір баладан артық баланы жеке орынды қажет етумен тасымалдау кезінде балалар тарифі бойынша төленетін жол жүру құжатын (билетін) сатып алу керек. Билетті сатып алу сәтінде 15 жасқа толған және одан жоғары балалар үшін жол жүру құжаттары (билеттері) толық тариф бойынша сатып алынады
Балалардың балалар тарифі бойынша рәсімделген жол жүру құжаты (билеті) бойынша үлкендердің қарауынсыз жүрісіне рұқсат етілмейді.
Балаладың жол жүру құжатын (билетін) балалар тарифі бойынша рәсімдеу тек бір уақытта толық тариф бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеумен жүзеге асырылады. Баланың жасы жол жүрісі басталған күнмен анықталады.
Транзакциялық өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы билеттерді сатып алу (ТӨТ)
ТӨТ тікелей жеке тұлғаларға өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеу технологиясында қолданылатын жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату үшін арналған құрылғыны білдіреді. ТӨТ жол жүру деректемелерін жасайды және жеке тұлғалардың банк карталары бойынша құнның төлемін жүзеге асырады.
ТӨТ алыс жол жүру және қала маңындағы қатынасқа жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату тек толық немесе балалар тарифі бойынша орындалады.
Жеңілдік, тегін, оның ішінде жеке орын алмайтын 7 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу жүргізілмейді.
Бүгінгі күні Астана станциясының теміржол вокзалы ғимаратында 4 (төрт) транзакциялық өзіне-өзі қызмет көрсету (ТӨТ) терминалдары орнатылған: олардың ішінде 2 – жаңа ғимаратта, 2 – вокзалдың бұрынғы ғимаратында орнатылған.
Келесі билет түрлерін сату және рәсімдеу жүргізілмейді: жеңілдік және ақшасыз, оның ішінде жеке орын алмайтын 7 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру құжаттары (билеттері).
Жолаушының өзімен бірге 7 жастан аспайтын бір баланы, егер ол жеке орынды қажет етпесе, тегін тасымалдауға құқығы бар.
7 жасқа дейінгі балаға тұтынушы жеке орынды ұсынумен балалар тарифі бойынша жол жүру құжатын (билетін) сатып ала алады.
7 жастан 15 жас аралығындағы балалар үшін және 7 жасқа дейінгі бір баладан артық баланы жеке орынды қажет етумен тасымалдау кезінде балалар тарифі бойынша төленетін жол жүру құжатын (билетін) сатып алу керек. Билетті сатып алу сәтінде 15 жасқа толған және одан жоғары балалар үшін жол жүру құжаттары (билеттері) толық тариф бойынша сатып алынады
Балалардың балалар тарифі бойынша рәсімделген жол жүру құжаты (билеті) бойынша үлкендердің қарауынсыз жүрісіне рұқсат етілмейді.
Балаладың жол жүру құжатын (билетін) балалар тарифі бойынша рәсімдеу тек бір уақытта толық тариф бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеумен жүзеге асырылады.
Баланың жасы жол жүрісі басталған күнмен анықталады.
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алу тапсырысын рәсімдеу пойыздың жөнелтілуіне 45 күннен бастап, «Экспресс» АБЖ жүйесінің астана уақыты бойынша 4 сағат 50 минуттан бастап 5 сағат 50 минутқа дейін аралықта техникалық үзіліс уақытынан басқа уақытта тәулік бойы жүргізіледі.
Бір тапсырыс бойынша ең көбі 4 жолаушылардың жүрісін төлеуге болады және әрбір жолаушы үшін жеке жол жүру құжатын (билетін) рәсімдеуге болады.
Бір құжат бойынша СВ 2 орынға немесе 2 және 4 купе орындарына бір жол жүру құжатын (билетін) рәсімдеуге болады, онымен қоса осы орындардың әрқайсысында тек жол жүру құжатында (билетінде) деректері көрсетілген бір ғана жолаушы жол жүре алады. Осы орындарда бөтен адамдардың жол жүруіне рұқсат етілмейді.
Жеке тұлға мыналарды алады:
Төлем туралы ескертпе чегі Жол жүру құжаттарын (билеттерін) басып шығаруЖол жүру құжаттарын Интернет арқылы рәсімдеген және төлеген немесе ТӨТ бірінде жол жүру құжаттарын басып шығара алмаған жеке тұлға жол жүру құжаттарын (билеттерін) басқа ТӨТ басып шығара алады немесе т/ж вокзалының билет кассасында рәсімдей алады. Ол үшін оның 14 таңбалы тапсырыс нөмірі, сонымен қатар тапсырыста келтірілген бір жолаушының дербес деректері болу керек.
Билеттерді автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассаларында сатып алу (АӨК)
Алыс және Қазақстан Республикасы ішінде қала маңы жүрісі үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) қолма-қол төлеммен және банк карталары бойынша автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары арқылы рәсімдеудің нағыз технологиясы.
АӨК алыс жол жүрістерінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату тек толық немесе балалар тарифі бойынша жүргізіледі.
Жеңілдік, тегін, оның ішінде жеке орын алмайтын 7 жасқа дейінгі балалар үшін, сонымен қатар ұйымдастырылған жолаушылар тобы үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу жүргізілмейді.
Жолаушының өзімен бірге 7 жастан аспайтын бір баланы, егер ол жеке орынды қажет етпесе, тегін тасымалдауға құқығы бар.
7 жасқа дейінгі балаға тұтынушы жеке орынды ұсынумен балалар тарифі бойынша жол жүру құжатын (билетін) сатып ала алады.
7 жастан 15 жас аралығындағы балалар үшін және 7 жасқа дейінгі бір баладан артық баланы жеке орынды қажет етумен тасымалдау кезінде балалар тарифі бойынша төленетін жол жүру құжатын (билетін) сатып алу керек. Билетті сатып алу сәтінде 15 жасқа толған және одан жоғары балалар үшін жол жүру құжаттары (билеттері) толық тариф бойынша сатып алынады.
Балалардың балалар тарифі бойынша рәсімделген жол жүру құжаты (билеті) бойынша үлкендердің қарауынсыз жүрісіне рұқсат етілмейді.
Балаладың жол жүру құжатын (билетін) балалар тарифі бойынша рәсімдеу тек бір уақытта толық тариф бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеумен жүзеге асырылады.
Баланың жасы жол жүрісі басталған күнмен анықталады.
АӨК жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару және қайта рәсімдеу жүзеге асырылмайды. АӨК сатып алынған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару бекітілген мерзімде билет кассаларында тек жеке тұлғаны куәландырылатын кез келген құжатты көрсетумен ғана, жолаушының тегі, аты және әкесінің аты жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген деректермен сәйкес келу шартымен ғана жүргізіледі.
Жол жүру құжаттары (билеттері) диагональ бойынша сызылады, алып тасталынады және кассирдің есебіне тіркеледі, ал ақша қаражаттары төлем орындалған банк картасына аударылады.
Ақша қаражаттары «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ішкі жергілікті актісімен бекітілген мерзім аралығында (5 жұмыс күні) аударылмаған жағдайда, тұтынушы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ жүгіне алады.
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қолма-қол төлеммен рәсімдеу кезінде пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін ақша қаражаттарын қайтару билет кассасында қолма-қол ақша қаражаттарымен жүзеге асырылады.
Билеттерді интернет арқылы сатып алу
Сіз тж билеттерін интернет сайттар арқылы тез, оңай әрі сенімді сатып ала аласыз. Қазақстанның Visa/Master Card кез келген банк карталарын пайдаланыңыз және Қазақстан бойынша барлық бағыттарға тж билеттерін сатып алыңыз. Онлайн сатып алынған тж билеттерін басып шығаруға және отырғызу кезінде қолдануға болады, сонымен қатар Қазақстан Темір жолы тж станцияларында токенді жаза отырып (14 таңбалы код) немесе ТӨТ штрих-кодты жақындата отырып, ТӨТ пайдалануға болады.
Берілген қызмет түрін ұсынатын веб-порталдар тізімі:
- www.epay-railways.kz - электронды жол жүру құжаттарын (билеттерін) комиссиясыз рәсімдеу және төлеу бойынша қызметтер ұсынады..
- www.rail-travel.kz
- www.avaita.kz
- www.tickets.kz
және басқалары.