Отырғызу талоны

Мақсаты - жолаушылардың қозғалысының серпінді дамуын үйлестіру және қызмет көрсету сапасын арттыру.

Назар аударыңыз Пойызға отырғызу кезінде, өзіңіздің электронды отырғызу талоныңызды басып шығарып алыңыз немесе өзіңіздің смартфоныңыздан немесе планшетіңізден көрсетіңіз. Өтініш, броньдауды мақұлдау нөмірі бар екендігіне көз жеткізіңіз (14 таңбалы тапсырыс нөмірі).

Бүгін Интернет немесе өзіне-өзі қызмет көрсету төлем терминалы (ӨТТ) арқылы билетті рәсімдеген тұтынушылардың жайлылығы үшін жолаушыларға қағаз билетін басып шығармай, вагонға отырғызуды жүзеге асыру мүмкіндігін беретін инновациялық жобаның енгізілгенін хабарлаймыз.

Интернет немесе ӨТТ арқылы билет сатып алған жолаушыға электронды билет токені болса (14 таңбалы тапсырыс сәйкестендірушісі), жолсерікке жеке куәлік құжатын көрсетсе жеткілікті болады.

Деректерді жинаудың мобильді терминал көмегімен вагон жолсерігі жолаушының төлқұжат деректерін енгізеді немесе электронды билеттен деректерді салыстырылады және «Экспресс» АБЖ жүйесінде билеттің бар болуы мақұлданғаннан кейін жолаушыны отырғызу және тіркеу жүргізіледі.

Жолаушының қалауы бойынша жолсерік пойыздың жүру жолында арнайы терминал жабдығы көмегімен отырғызу талонын басып шығара алады және оған береді.